Қытай өңдеу өнеркәсібі саласындағы шетелдік инвестицияларға шектеулерді алып тастады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 қыркүйек
Қытай өңдеу өнеркәсібі саласындағы шетелдік инвестицияларға шектеулерді алып тастады

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қыркүйекте еліміз 2024 жылғы «Шетелдік инвестицияларға рұқсат етудің арнайы басқару шараларын (теріс тізім) (2024 жылғы басылым)» шығарды, онда өңдеу өнеркәсібі саласына шетелдік инвестициялардың кіруіне шектеулерді толығымен алып тастады. Бұл ереже 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

2024 жылғы ұлттық шетелдік инвестицияларға рұқсат етудің теріс тізімінің басылымында өңдеу өнеркәсіп саласында қалған соңғы екі шектеу шарасын алып тастады. Осы қайта қараудан кейін шетелдік инвестицияларға рұқсат етудің теріс тізіміндегі шектеу қойылатын шаралар 31-ден 29-ға дейін қысқартылып, өңдеу өнеркәсібіне шетелдік инвестициялардың кіруіне шектеу шаралары толық алынып тасталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото