- Барлық ақпарат
Елімізде алғашқы азаматтық істер кәсіптік-техникалық университеті құрылды
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 қыркүйек
9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың азаматтық істер жөніндегі алғашқы жоғары оқу орны 7 қыркүйек күні Бейжіңде ашылды.
Азаматтық істер кәсіптік-техникалық университеті қарттардың денсаулығына зерделі күтім жасауды басқару, мейірбике ісі, әлеуметтік жұмыс және заманауи жерлеу рәсімдерін басқару сияқты 25 мамандықты қамтиды. Оның ішінде 7 мамандық Білім министрлігінің жоғары кәсіптік білім берудегі инновациялар мен даму жөніндегі іс-шаралар жоспарының түйінді мамандықтары ретінде танылды.
Халықтың қартаюына және қарттар күтіміне арналған мамандардың жетіспеушілігі сынды мәселелерден кейін, еліміз қарттар күтіміне білікті кадрларды даярлауды арттырып, тиісті мамандықтарды стандарттау деңгейін жақсартты.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online