- Барлық ақпарат
Бас Кеден басқармасы: Қытайдың тауар саудасының импорты мен экспорты алғашқы 8 айда 6% - ға өсті
10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 10 қыркүйекте Бас Кеден басқармасынан алған ақпаратына сәйкес, осы жылдың алғашқы сегіз айында Қытайдың тауар саудасының импорты мен экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өскен.
Бас Кеден басқармасы жариялаған мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы сегіз айында Қытайдың тауар импорты мен экспорты саудасының жалпы құны 28,58 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өсті. Олардың ішінде экспорт 16,45 трлн юаньды құрап, 6,9% - ға ұлғайды. Импорт 12,13 трлн юаньды құрап, 4,7% - ға артты.
АҚШ долларымен есептейтін болсақ, Қытайдың импорты мен экспортының жалпы құны алғашқы сегіз айда 4,02 трлн АҚШ долларын құрап, 3,7% - ға өсті. Олардың ішінде экспорт 2,31 трлн АҚШ долларын құрап, 4,6% - ға; импорт 1,71 трлн АҚШ долларын құрап, 2,5% - ға жоғарылады.
Жіктеп қарайтын болсақ, Қытайдың ең ірі сауда серіктесі АСЕАН-ға импорты мен экспортының жалпы құны өткен жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аса жылдам өсіп, 10%-ға жетті. Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салып жатқан елдерге импорты мен экспортының жалпы көлемі 13,48 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті.
Өнім санаттары бойынша Қытай алғашқы сегіз айда 9,72 триллион юань механикалық және электрлік бұйымдарды экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға өсті. Олардың ішінде автомобиль экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ға; интегралды микросхемалар экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,8%-ға ұлғайды.
people.cn © People's Daily Online