Мәдениет және туризм министрлігі: алғашқы жеті айда Қытайға саяхаттап келген шетелдіктер 403%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 қыркүйек
Мәдениет және туризм министрлігі: алғашқы жеті айда Қытайға саяхаттап келген шетелдіктер 403%-ға өсті

11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Мәдениет және туризм министрлігінің Өнеркәсіпті дамыту департаментінің өкілі 10 қыркүйекте өткен баспасөз мәслихатында мынадай ақпарат жариялады: 2024 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қытайға келген шетелдіктер саны айтарлықтай жоғарылаған, 5,722 миллион шетелдік туристік сапармен келсе, конференциялар мен іскерлік іс-шараларға 3,803 миллион шетелдік келген, көрсеткіштер сәйкесінше 403%-ға және 81,5%-ға өсті.

Оның айтуынша, Қытайға саяхаттау үшін келетін шетелдіктер көбейе бастаған, олар шынайы және көрікті Қытайды өз көздерімен көріп, «Қытайға саяхат» шетелдік әлеуметтік платформаларда танымал болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото