Цзянсу Орталық Азия орталығының ашылу салтанаты өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қыркүйек

12 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қыркүйекте Цзянсу Орталық Азия орталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Цзянсудың өлке бастығы Сюй Куньлинь мен Қазақстанның Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиев қатысып, сөз сөйледі.

Орталық бүкіл өлке үшін Орталық Азияның бес елі мен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің ресурстары мен қажеттіліктерін байланыстыратын маңызды экономикалық, сауда және мәдени алмасу алаңына айналады.

Мәліметтерге сәйкес, Астанадағы «Орталық Азия Цзянсу орталығы» жобасының жұмыстары да жеделдетіліп жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото