Қазақстанда жақын арада «Zoomlion» тракторлар өндірісі басталады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 қыркүйек

ҚР Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары ауыл шаруашылығы техникасы саласындағы жетекші компаниялардың бірі — қытайлық «Zoomlion Agriculture Machinery Co Ltd.» өкілдерімен кездесу өткізді. Тамыз айында өткен кездесу барысында Қазақстан аумағында тракторлар өндірісін ұйымдастыру жоспарлары талқыланды деп жазды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

«Zoomlion» компаниясы ауыл шаруашылығы техникасының кең ассортиментімен танымал, оның ішінде құрғақ солтүстік аймақтарға арналған техникалар, оңтүстік күріш алқаптары үшін машиналар, үнемді модельдер және егін жинағаннан кейінгі өңдеуге арналған техника бар. Бұл жоба Қазақстандағы «QazTehna» кәсіпорнымен ауқымды ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады. Жыл сайын Саран қаласындағы зауытта 700-ге дейін трактор шығару жоспарланған.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл серіктестіктен үлкен үміт күтеді және жобаны іске асыруда қолдау көрсетуге дайын. Ынтымақтастық өткен жылдың жазында лицензиялық келісімге қол қоюдан басталған болатын, енді өндіріс практикалық кезеңге өтіп отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото