Үрімжі, Шыңжаң: «Әуе Жібек жолын» салу қадамы жылдамдады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 қыркүйек

13 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Air China Үрімжіден Мәскеуге тікелей рейс ашты. Куала-Лумпурдан (Малайзия) Үрімжіге тікелей халықаралық туристік чартерлік рейс қайта жанданды. Үрімжіден Бакуге халықаралық толық жүк рейс бағыты- «Тяньшань» ресми ашылды... Қыркүйектің бірінші аптасында Үрімжі Дивопу халықаралық әуежайы 4 халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалы бағытын қайта қосты және жаңадан ашты.

Тілшінің Үрімждегі Дивопу әуежайының кеденінен алған ақпаратына сәйкес, Шыңжаң осы жылдан бастап Үрімжіден Ереванға, Ыстамбұлға және Куала-Лумпурға 8 халықаралық жолаушылар бағыты мен 9 халықаралық жүк бағытын қосып, қалпына келтірді. Осының ықпалында көліктің өзара байланысы ілгерілеп, «Әуе Жібек жолының» құрылысы кеңеюін жеделдетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото