Қытайдың өңдеу өнеркәсібіне қосылған құн әлемдік үлестің шамамен 30%-ын құрайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 қыркүйек

13 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қыркүйек күні Ұлттық Статистика бюросы жариялаған Жаңа Қытайдың 75 жылдық экономикалық және әлеуметтік дамуының жетістіктері туралы есептер сериясы Қытайдың 75 жылдық дамуды бастан кешіріп жалпы өнеркәсіп көлемі секіріспен өскенін және оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігі айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, Қытайдың өңдеу өнеркәсібінің қосылған құны 2010 жылдан бері алғаш рет Америка Құрама Штаттарының құн көрсеткішінен асып, әлемде бірінші орында тұр. Бұл 2022 жылы әлемдік үлестің 30,2%-ын құрайды.

Бүгінгі таңда еліміз өндіре алатын өнімдер шикізат, тұтыну тауарлары және орта-жоғары деңгейлі жабдықтар сияқты әртүрлі салаларды қамтиды. 500 ірі өнеркәсіп өнімінің ішінде өнім шығарудың 40%-дан астамы әлемде бірінші орынға ие.

2009 жылдан бастап еліміз ұзақ жыл бойы әлемдік тауар саудасының ең ірі экспорттаушы елі болып келеді.

2023 жылы механикалық және электротехникалық бұйымдар экспорттың жалпы көлемінің 58,5%-ын құрады. Олардың ішінде 5,22 миллион автомобиль сырт елдерге шығарылып, еліміз алғаш рет әлемдегі ең ірі автомобиль экспорттаушы ел болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото