ШЫҰ-ның терроризмге қарсы аймақтық органдар «Үш түрлі күшпен» бірлесіп күресу үшін прагматикалық түрде ынтымақтасады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 қыркүйек

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 13 қыркүйек күні Бейжіңде өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық терроризмге қарсы органдар кеңесінің 42-нші кезекті отырысынан алған мәліметіне сәйкес, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық терроризмге қарсы органдары «Үш түрлі күшпен» бірлесіп күресу үшін прагматикалық түрде ынтымақтасады.

Бұл Қытайдың ШЫҰ мен оның аймақтық терроризмге қарсы органдарына төрағалық ету кезінде ұйымдастырған маңызды іс-шарасы. Кездесуге ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер - Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның құзыретті органдарының өкілдері қатысты.

Ресми шарада өткен кезеңдегі аймақтық терроризмге қарсы органдар аясындағы ынтымақтастық ахуалы қорытындыланды. Сол сияқты ШЫҰ-ның Астана саммитінің қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен сындар тетігін жетілдіру жөніндегі тиісті қаулыларының орындалуы бойынша зерттеулер жүргізілді. Өңірлік терроризмге қарсы іс-қимыл органдары атқару комитетінің жылдық жұмыс жоспары және онымен байланысты арнайы ынтымақтастық жоспарлары бекітілді. Сонымен қатар «Үш түрлі күшпен» қарсы күрестің келесі кезеңіндегі практикалық ынтымақтастықтың мазмұны жоспарланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото