- Барлық ақпарат
18 қыркүйек оқиғасына 93 жыл толды
18 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін - 18 қыркүйек оқиғасын еске алу күні. 1931 жылы 18 қыркүйекте Жапония Қытай армиясына жала жауып, Шэньяндағы Наньмань теміржолының жолдарын бомбалап, Солтүстік-Шығыс армиясының Солтүстік лагеріне оқ жаудырды. Сөйтіп ел іші мен әлемді дүрліктірген 18 қыркүйек оқиғасын бастап, Жапония Қытайға қарсы көптен бері жоспарлаған басқыншылық соғысын бастады.
18 қыркүйектегі оқиғадан кейін Қытай халқы қарсылық көрсету үшін көтерілді. Бұл Қытай халқының Жапонияға қарсы соғысының басталу нүктесі болды. Сонымен бірге дүниежүзілік антифашистік соғыс шымылдығын ашты.
Жапонияға қарсы 14 жылға созылған күресте Қытайда жараланғандар мен қаза болғандар саны 35 миллионнан асты. Қытайлықтар қан төгіп, бодау беріп, басқыншыларды қуып шығып, Қытай халқының Жапонияға қарсы күресінде ұлы жеңіске жетті.
people.cn © People's Daily Online