Қазақстан Сиань терминалы Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азияны байланыстырады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 қыркүйек

19 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 6 қыркүйекте Сиань Халықаралық порт станциясындағы Қазақстан Сиань терминалындағы контейнерлерге «Қытайда жасалған» деген белгі қойылған жаңа энергетикалық көліктердің партиясы тиелді. Вагондар Қазақстан Сиань терминалынан жолға шығып, Қытай-Еуропа (Сиань) пойыздарымен 12 күннен кейін Әзербайжанның Баку қаласына барады.

Биылдың ақпан айында Қазақстан Сиань терминалы ресми түрде пайдалануға берілді. Осы уақытқа дейін мұнда 58 000 тоннадан астам жүк жиналып, тасымалданып, таратылды.

«Қазіргі уақытта Сиань порты мен Қазақстан ұлттық теміржол компаниясы бірлесіп жүзеге асыратын Алматы Қытай-Қазақстан логистикалық станциясы жобасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр және оны биыл аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Ол пайдалануға берілгеннен кейін Қазақстан Сиань терминалының шығыс-батысымен үндесіп, екі елдің «хабтан хабқа» модернизациясын жүзеге асырады», - дейді Сиань еркін сауда портын салу және пайдалану компаниясының бас менеджері Юань Сяоцзюнь.

«Қазақстан Сиань терминалы Қытайға Орталық Азиядан кіретін және экспортталатын тауарларды жылдам жинауға және таратуға мүмкіндік береді. Сианьда қазақстандық тауарлар жиналғаннан кейін олар Қытай-Еуропа пойызымен Оңтүстікке қарай Гуансиге барып, Вьетнамға, Таиландқа, Мьянмаға, Лаосқа және басқа елдерге жетіп, экономикалық және сауда ынтымақтастығын одан әрі кеңейтеді»,- дейді терминадың Қазақстан тарап жұмысына жауапты тұлға және Қытай-Қазақстан (Сиань) сауда және логистика компаниясының бас менеджері Се Тянь. Теңіз арнасының бұл инновациялық моделі Қытай-Қазақстан ынтымақтастығын жеделдетіп, тең ұтысқа жеткізу, сондай-ақ әлемге логистикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолайлы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото