Есіл өзеніне 250 мың балық шабағы жіберілді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 қыркүйек

Қазақстанның Астана қаласының Орталық саябағы маңында Есіл өзеніне Зеренді балық питомнигінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыс аясында өсірілген 250 мың балық шабағы жіберілді. Бұл туралы ҚР АШМ баспасө қызметі мәлім етті.

Табиғи су қоймаларындағы балық ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану мақсатында, сондай-ақ Астана тұрғындарының демалуына рекреациялық жағдайлар жасау мақсатында жыл сайын балық жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кететін жайт, балық шаруашылығы кәсіпорындары қазан айының соңына дейін Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл және Есіл бассейндерінің су қоймаларына тағы 15 млн балық шабағын жіберуді жоспарлап отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото