- Барлық ақпарат
Қытайдың батысындағы 12 өлке, облыс пен қала электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастық альянсы туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қыркүйек
26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 24 қыркүйекте Гуансидің Наньнин қаласында 2024 жылғы Қытай—АСЕАН Жібек жолы (трансшекаралық) электрондық коммерция саласындағы ашық ынтымақтастық бойынша тақырыптық үгіт-насихат іс-шарасы өтті. Батыс Қытайдың 12 өлкесі, облысы мен қаласы бірлесіп, «Батыс өлке, облыс және қала арасында электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастық альянсы туралы өзара түсіністік меморандумына» қол қойды. Бұл меморандум Жібек жолының электрондық коммерция саласындағы алмасулар мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, АСЕАН елдерімен сауда әлеуетін арттыруға, аталмыш сала бойынша ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісуге және АСЕАН елдерінен Қытайға жоғары сапалы өнімдердің жеткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online