- Барлық ақпарат
Тяньцзинь музейінде Қазақстанның 185 мәдени жәдігері мен репродукциясы қойылды
1 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қыркүйекте Тяньцзинь музейінде «Алтын жауынгер және байтақ сахара - ҚР Ұлттық музейінің коллекциясындағы Қазақстанның тарихи-мәдени жәдігерлері көрмесі» ашылды. Көрмеде Қазақстанның 185 мәдени жәдігері мен репродукциясы қойылды.
Көрмеге қойылған 185 мәдени жәдігер мен репродукция Қазақстанның ежелгі дала мәдениеті мен байлығын жан-жақты көрсетті. Әсіресе ежелгі Тараз қаласы, ежелгі Отырар қаласы және байырғы Сайрам қаласы сияқты Жібек жолының әйгілі қалаларының мәдени жәдігерлерін жұртшылыққа ұсыну арқылы Жібек Жолындағы барыс-келістерді көрсетті.
Көрмені Тяньцзинь музейі, Қазақстанның ұлттық музейі және Қытайдың Мәдени жәдігерлермен алмасу орталығы бірлесіп жоспарлап өткізді. Көрме 2025 жылдың 12 ақпанына дейін тегін көрсетіледі.
people.cn © People's Daily Online