- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин бүкіл елдегі қарттарды Чунъян мерекесімен құттықтады
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 қазан
10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл 11 қазан күні - Чунъян мерекесі. Мерекеге орай Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин елдегі барлық қартты құттықтады.
Си Цзиньпин қарттардың ҚКП мен ел үшін асыл қазына екенін атап өтті. Барлық егде жастағы достардың қартайса да, қайраты үстем болып, салауатты өмір салты мен іскер рухын сақтайтынына үміттенетінін, қарттардың күтімге алынып, шат-шадыман болып, керекке жарауын күтетінін баса айтты.
Си Цзиньпин жоғарыда аталған мәлімдемені бүкіл мемлекеттік еріктілер қимылына қатысқан қарттардың өкілдеріне қайтарған хатында жазды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online