- Барлық ақпарат
Ланьчжоудан Алматыға дейін TIR халықаралық автомобиль жолы тасымалы арнасы сәтті ашылды
11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 6 қазанда Lanzhou International Port Multimodal Transport компаниясының Ланьчжоудың көлік нөмірі тағылған жүк көлігі Қазақстанның Алматы кедендік қадағалау аймағына келіп, компания тиеген пайдаланылған автокөліктердің экспорттық бизнесін ойдағыдай аяқтады. 10 қазанда Орталық Азия еліне алғаш рет кірген Ланьчжоу көлік нөмірі тағылған жүк көлігі елге аман-есен оралды. Содан бері Ланьчжоудан Алматыға дейін TIR халықаралық автомобиль жолы тасымалы арнасы сәтті ашылды.
TIR - ағылшын тіліндегі Transport International Routier сөзінің қысқартылып жазылған нұсқасы. Қытай тілінен аударғанда халықаралық автомобиль жолы тасымалы дегенді білдіреді. TIR тасымал қызметі - бұл Біріккен Ұлттар ұйымының «Халықаралық автомобиль жолы тасымалы туралы конвенциясының» ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын трансшекаралық автомобиль жолы тасымалы логистикасының моделі. TIR тасымалы жол бойы көлік алмастырмайды әрі тауарды басқа көлікке тиеуді қажет етпейді. Бұл уақыт шығындарын тиімді азайтып және кәсіпорын саудасының тиімділігін арттырады.
people.cn © People's Daily Online