- Барлық ақпарат
Шыңжаң Қорғас тасжол шекарасынан жыл бойы кіріп-шыққан жолаушылар саны алғаш рет 1 миллионнан асты
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 қазан
11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жыл басынан бері Қытай-Қазақстан шекарасында орналасқан Шыңжаң Қорғас портында кіріп-шыққан жолаушылардың ең көп шыңына жетті. Күніне 3700-ге жуық жолаушы келіп-кетіп, олардың ең көп саны күніне 6000-нан асты. Қорғастың кіру-шығу шекара бекетінің статистикасына сәйкес, 10 қазан сағат 11:00-дегі жағдай бойынша биыл Қорғас тасжолы портындағы жолаушылардың саны 1 миллионнан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110% өсті. Осылайша шекара ашылғаннан бері тұңғыш рет миллионнан жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online