- Барлық ақпарат
Әлемде 733 миллион адам аштықтан зардап шегуде
Әлемде әлі де 733 миллион адам аштықтан зардап шегуде, олардың көпшілігі Африка аймағында тұрады. Бұл туралы Берлинде өткен Welthungerhilfe қайырымдылық ұйымының «Аштық индексі» баяндамасында айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Дүние жүзінің 36 елінде дұрыс тамақтанбау жағдайы «ауыр» деп бағаланса, алты елде «өте ауыр» деп бағаланды. Азық-түлік өнімдерін өндіру мен жеткізуге қарулы қақтығыстар, әсіресе Судандағы азаматтық соғыс және жаһандық климаттық өзгерістердің теріс әсерлері кедергі болуда.
Есепке сәйкес, ерлерге қарағанда әйелдер аштықтан көбірек зардап шегеді.
Welthungerhilfe президенті Марлен Тиме (Marlehn Thieme) әлемдік қауымдастықты аштық мәселесін шешуге жеткілікті көңіл бөлмейді деп айыптады. Қайырымдылық ұйымының мәліметінше, 2022 жылы әлемде 800 миллионнан астам адам аштықтан зардап шеккен.
people.cn © People's Daily Online