«Отанына оралған» керқұлан Қазақстан даласына қалай жерсініп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қазан

Осыдан 5 айға жуық уақыт бұрын керқұландар тарихи отанына оралып, Қазақстанның Қостанай облысы даласына жіберілген болатын. Осы уақыттың ішінде жануарлар жергілікті жерге жерсініп қана қоймай, тіпті салмақ қосып та үлгерді, ауа райына да бейімделіп алдыдеп жазды Kazinform.

Айта кетерлігі, осы жылдың маусым айында Қазақстанға керқұланның 7 дарағы жеткізілген болатын. Сол уақыттан бері бірнеше айдың ішінде жануарлар Қостанай даласына бейімделіп үлгерді деуге де болады.

«Естеріңізде болса, алғашқы тобы Чехия мен Германиядан жеткізілген еді. Мұнда болған барлық уақыт ішінде аттар жақсы бейімделіп, келгеннен гөрі біршама қоңданып үлгерді. Олар қашаларда топ-топ (әкелінген кездегі құрамда) болып орналасқан. Жем-шөппен жақсы қамтамасыз етілген. Шөптен басқа, дәнді дақылдар мен бұталар да бар, жақын жерде тоған бар - өңірде Ұлы Жыланшық өзені ағып жатыр», - деді «Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РМК жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Рүстем Бидебаев.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото