- Барлық ақпарат
Астаналық гимнасттар Сянганда өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 қазан
10-13 қазан күндері Сянганда эстетикалық топтық гимнастикадан өткен Азия чемпионатында Қазақстанның Астана қаласының командасы күміс жүлде қанжығалады. Бұл туралы KAZINFORM мәлім етті.
Турнирде Сянган, Үндістан, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Сингапур және Жапонияның мықты командалары арасында 6 медаль жиынтығы сарапқы салынды. Астанадан барған гимнасттар үш жас санатындағы жүлдегерлер тұғырына көтерілді. 16 жастан асқан әйелдер санатындағы Азияның күміс жүлдегері Samruk елордалық командасы болды.
14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер санатында Alan-Junior (Астана) командасының гимнасттары чемпион атанды.
Елордалық Алан-Рио командасы 12-14 жас аралығындағы балалар санатында чемпион атанып медаль жеңіп алды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online