Сиань Орталық Азия саябағында Орталық Азия ерекшелігіне ие электронды коммерция қимылы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 қазан

15 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қазанда Орталық Азия саябағында Орталық Азияның электронды коммерция іс-шарасының ашылу салтанаты өтті. Бұл шара 14 қазаннан 20 қазанға дейін жалғасады. Жұртшылық тікелей жарнама акцияларын, желідегі өнімдерді көру, офлайн базар аралау және басқа да іс-шараларға қатыса алады.

Қырғызстанның сүт өнімдері, қазақстандық жеміс шырындары және жеміс шайлары... Сол күні Жібек жолы қонақ бөлмесінің бірінші қабатындағы электронды коммерцияның тікелей эфирінде жүргізуші Орталық Азияның жергілікті өнімдерін ұсынды. Бұл көптеген қала тұрғындарын қызықтырды. Орталық Азия саябағы алаңындағы Орталық Азия базарына да адамдар жиналып, алуан түрлі өнімдерін тұрғындар қызыға сатып алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото