Қытайдың сыртқы саудасы 5,3% өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 қазан

15 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қазан күні Қытайдың Бас Кеден басқармасы жариялаған деректерге сәйкес, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдың тауар импорты мен экспорты саудасының жалпы құны 32,33 трлн юаньды құраған. Бұл сыртқы сауда тарихында алғаш рет 32 трлн юаньнан асып, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 5,3% өсті.

Олардың ішінде импорт 13,71 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1% артты; экспорт 18,62 трлн юаньды құрап, 6,2% жоғарылады.

Экспортқа келетін болсақ, Қытай 11,03 трлн юань механикалық және электротехникалық бұйымдарды экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% өсіп, шамамен экспорттың 60%-ын құрады.

Алғашқы үш тоқсанда Қытайдың ең ірі сыртқы сауда операторы болып табылатын жеке кәсіпорындардың импорты мен экспорты 17,78 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4% өсті; шетелден инвестицияланған кәсіпорындардың импорты мен экспорты 1,1% артып, екі тоқсан қатарынан өсу көрсеткішін сақтаған.

Осы кезеңде Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құрған елдерге импорты мен экспорты 15,21 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% өсті; «Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік туралы келісімнің» (RCEP) басқа мүше мемлекеттеріне импорт пен экспорт көлемі 4,5% өсіп, оның ішінде АСЕАН-ға импорт пен экспорт 9,4% ұлғайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото