- Барлық ақпарат
«Жібек жолы» өнер фестивалі әлем суретшілерінің басын қосуда
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 қазан
16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси өлкесінің Сиань тарихи қаласында халықаралық өнер фестивалі ашылып, суретшілерді халықаралық сахнада өз өнерлерін көрсетуге шақырды.
Шэньси өлкелік үкіметі өткізетін және 10 қарашаға дейін жалғасатын 10-шы «Жібек жолы» халықаралық өнер фестивалі 15 ел мен аймақтың суретшілерін тартты.
Фестиваль барысында 63 қойылым жоспарланған. Фестиваль аясында сонымен қатар бірқатар шаралар, соның ішінде шоулар мен көрмелер өткізіледі. Бірінші халықаралық «Жібек жолы» өнер фестивалі 2014 жылы өткен болатын.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online