Қытайда күзгі астықтың 60%-дан астамы жиналды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 қазан
Қытайда күзгі астықтың 60%-дан астамы жиналды

16 қазан, онлайн «Халық Газеті»-- Ауыл шаруашылығы және Ауылдық істер министрлігінің ауыл шаруашылығы ахуалын зерттеуіне сәйкес, 14 қазандағы жағдай бойынша елдегі күзгі астықтың 64,3%-ы жиналған. Бұл саланың прогресі өткен жылмен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармаққа шапшаңдаған.

Дәнді дақылдар бойынша жүгерінің 67,5%-ы, бірінші маусым күрішінің 64,5%-ы, сояның 80,8%-ы жиналып болды. Аймақ бойынша қарайтын болсақ, Солтүстік-Батыста 80%-дан астамы, Солтүстік Қытай жазығы және Оңтүстік-Батыс аймақтарда 75%-дан астамы, ал Солтүстік-Шығыс, Янцзы өзенінің орта және төменгі ағары мен Оңтүстік Қытай аймақтарында жартысынан көбі жиналған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото