- Барлық ақпарат
Қытай теңіз флотының жалпы көлемі әлемдік үлестің 18,7%-ын құрайды
16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай қалалық үкіметінің ақпарат басқармасының қызметкері Гао Хайюнь баспасөз мәслихатында биылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша, Қытайдың теңіз флотының жалпы көлемі 430 миллион тоннаға жеткенін, бұл әлемдік флоттың 18,7%-ын құрап, әлемнің алдыңғы қатарында тұрғанын айтты.
Гао Хайюннің айтуынша, биылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында порттағы жүктердің өткізу қабілеті 11,51 миллиард тоннаны, ал порт контейнерлерінің өткізу қабілеті 220 миллион TEU құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% және 8,2% өсті. Тасымалдау құрылымын реттеуден алып қарағанда, Қытай жүктерді жаппай тасымалдау үшін «тасжолдан теміржол» мен «теміржолдан су жолы» тасымалын белсенді түрде ілгерілетіп, теміржол-су жолы интермодальды тасымалының қарқынды дамуын жалғастырып келеді. Биылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында бүкіл ел бойынша порттардағы контейнерлердің теміржол-су жолын интермодальды тасымалдау көлемі 7,78 миллион TEU-ды құрап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7% өсті.
people.cn © People's Daily Online