Ли Цян ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкімет басшылары (Премьер-министрлер) кеңесінің 23-інші отырысына қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 қазан

17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 16 қазанда ҚХР Мемлекеттік Кеңестің Премьер-министрі Ли Цян Исламабадта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкімет басшылары (Премьер-министрлер) кеңесінің 23-інші отырысына қатысты. Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Қырғызстан Премьер-министрі Акылбек Жапаров, Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар, Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабақ және бақылаушы ел Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ, отырысты ұйымдастырушы елдің қонағы Түркіменстан Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қатысты, оған Пәкістан Премьер-министрі Шехбаз Шариф төрағалық етті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото