Сианьда қазақстандықтар «дәстүрлі Қытай медицинасы» бойынша білімдерін толықтырды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 қазан

17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сиань дәстүрлі Қытай медицинасының ми аурулары емханасы мен Қазақстан дәстүрлі медицина сарапшыларының қауымдастығы бірлесіп, 2024 жылы дәстүрлі Қытай медицинасының диагностикасы мен емдеу технологиясы бойынша халықаралық оқу курсын бастады. 12 қазақстандық емші дәстүрлі Қытай медицинасын үйрену үшін Шэньси өлкесінің Сиань қаласына келді. 

Екі апталық курс тыңдаушылары екі топқа бөлініп оқиды. Оқыту курсы дәстүрлі Қытай медицинасының диагностикалау мен емдеу және сипаттамалық әдістеріне негізделе отырып, жергілікті медицинаның негізгі теориясын, балалар церебралды сал ауруын, психикалық және басқа да жиі кездесетін сырқаттарды дәстүрлі Қытай медицинасы бойынша емдеуді үйретеді. Курс заманауи медицинаны дәстүрлі медицинамен, теориялық оқыту мен клиникалық тағылымдамаларды біріктіре отырып жүргізіледі.

Сиань дәстүрлі Қытай медицинасы ми аурулары емханасының халықаралық медициналық және инемен емдеу бөлімінде қазақстандық емшілер ерменмен қақтау, лоңқа қою, ине шаншу және басқа да дәстүрлі Қытай медицинасының ұтымды тәсілдерін тікелей үйреніп, жеке тәжірибе жинақтайды. Сол арқылы дәстүрлі Қытай медицинасының әртүрлі емдеу әдістерін меңгереді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото