- Барлық ақпарат
Шыңжаң Тайкешкен портында кокстелетін көмірдің жылдық импорты 3 миллион тоннадан асты
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 қазан
18 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қазанда 40-ыншы кокстелетін көмір көлігі Тайкешкен портынан кірді. Бұл осы порттың кокстелетін көмір импорты 3 миллион тоннадан асқанын, жоспардың 2024 жылдың басында қойылған межеден 75 күн бұрын орындалғанын көрсетеді.
Тайкешкен - Шыңжаңның Алтай аймағы Шіңгіл ауданында орналасқан Қытайдағы бірінші дәрежелі құрлық порты. Порт Қытай-Моңғолия шекарасынан 15,5 шақырым қашықтықта, шығысы Моңғолияның Қобда провинциясындағы Бурган ауданымен шектеседі. 1991 жылы Қытай мен Моңғолия үкіметі Тайкешкен портын екі ел арасында адамдардың, тауар мен көлік құралдарының өтуіне мүмкіндік беретін екіжақты маусымдық порт ретінде ашу туралы келісімге қол қойған болатын.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online