- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин жоғары деңгейдегі ашықтықты ілгерілету және терең реформалар мен сапалы дамуға қол жеткізу қажеттігін атап өтті
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 қазан
21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери Комитет төрағасы Си Цзиньпин жақында ұлттық экономикалық және технологиялық даму аймақтарының жұмысы туралы маңызды тапсырмалар беріп, инновациялық өміршеңдік пен эндогендік қуатты үздіксіз ынталандыру, сондай-ақ сыртқы әлемге жоғары деңгейде ашылу арқылы терең реформалар мен сапалы дамуға ықпал етуді атап өтті.
20 қазан күні Тяньцзиньде Ұлттық экономикалық даму аймағының 40 жылдығына арналған симпозиум өтті. Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшесі және Мемлекеттік Кеңестің вице-премьері Хэ Лифэн Си Цзиньпиннің маңызды нұсқауларын жеткізіп, отырыста сөз сөйледі.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online