- Барлық ақпарат
Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға жеткізілетін жүктің 80%-ы Қазақстаннан өтеді
Каспий саясат орталығының директоры Афган Нифтиевтің айтуынша, Еуропа елдері Қазақстан арқылы транзит көлемін арттыруға мүдделі. Бұл туралы ол «Astana Think Tank» халықаралық форумында мәлім етті деп жазды ҚазАқпарат.
«Өйткені Еуропа біздің минералды ресурстарға мұқтаж. Қазір құрлық арасында бидайдан бастап, сирек кездесетін металдарға дейін тасымалданып жатыр. Былтыр өзара тауар айналымы 41 млрд долларға жетті. Алыс-берісті одан әрі арттыру үшін жаңа терминалдарды көбейту керек. Бұл жүк жеткізу мерзімін қысқартып, жаңа нарықтарға жол ашады», - дейді Қазақстандық сарапшы.
Оның пікірінше, қазір Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға жеткізілетін жүктің 80 пайыздан астамы Қазақстан арқылы өтеді. Алда бірнеше терминал салынбақшы. Бұл Қазақстанның логистикалық әлеуетін арттырып, транзиттік хабқа айналуына мүмкіндік береді.
people.cn © People's Daily Online