Шыңжаңның сыртқы саудасы алғашқы үш тоқсанда 29% - ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 қазан

22 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжінің Кедендік статистикасына сәйкес, осы жылдың алғашқы үш тоқсанында Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны 322,39 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға өскен. Осылайша жиынтық өсу қарқыны ел бойынша бірінші орынға шықты.

Тамыз айында Қазақстан мен Қырғызстан Шыңжаңның екі ірі сауда серіктесі болды. Оның ішінде Шыңжаңның Қазақстанға импорт-экспортының құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,7%-ға өсті.

Сәйкес кезеңде Шыңжаңның «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құратын елдерге импорты мен экспортының құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға ұлғайып, Шыңжаңның жалпы сыртқы сауда импорт-экспортының 92,5%-ын құрады. Орталық Азияның бес еліне импорт пен экспорттың құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға өсті. Бұл Шыңжаңның жалпы сыртқы сауда көрсеткішінің 69,5%-ын құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото