- Барлық ақпарат
Индустрия және ақпараттық технологиялар министрі Apple компаниясының бас директорымен кездесті
24 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қазанда Индустрия және ақпараттық технологиялар министрі Цзинь Чжуанлун Бейжіңде Apple компаниясының бас директоры Т.Кукпен кездесті. Екі тарап Apple компаниясының Қытайдағы дамуы, желілік деректер қауіпсіздігін басқару, бұлттық қызмет және басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.
Цзинь Чжуанлун Қытайдың сыртқы әлемге жоғары деңгейдегі ашықтығын кеңейтуді жалғастыратынын, цифрлық индустрияландыру мен өнеркәсіптік цифрландыруды белсенді түрде ілгерілететінін және әлемнің түкпір-түкпірінен келген инвесторларға көбірек мүмкіндіктер мен тиімді ортаны қамтамасыз ететінін айтты. Apple Қытай нарығын тереңдетіп, инновациялық жобаларға инвестицияны ұлғайтып, қытайлық компаниялармен бірге дамуды жалғастыратынына сенім білдірді.
Т.Куктың айтуынша, Apple Қытайдың сыртқы әлемге ашылу мүмкіндігін белсенді пайдалануға, Қытайға инвестицияларды ұлғайтуды жалғастырып, өнеркәсіптік тізбек пен жеткізу тізбегінің жоғары сапалы дамуына күш қосуға дайын.
people.cn © People's Daily Online