Қазақстаннан Қытайға жалпы астық экспорты 5,5 есе өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 24 қазан

Қазақстанның Қытайға жалпы астық экспорты 5,5 есе өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты деп жазды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның 2024 жылға арналған астық дақылдары бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тонна, оның ішінде 7-7,5 млн тонна – бидай, 1,3-1,4 млн тонна – арпа, 300 мың тонна – жүгері. Сонымен қатар, майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады. Өткен жылы Қытайға жалпы астық экспорты 1,43 млн тоннаны құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 5,5 есе өсті. Оның ішінде бидайдың үлесі - 538,8 мың тонна, өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық. Бұл Қытайға экспорт көлемін 1,6 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ҚР вице-миинстрі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото