- Барлық ақпарат
Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы 40 000 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы өтті
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 24 қазан
24 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қазанда тұрмыстық қажетті бұйымдар мен электр жабдықтары тиелген Қытай-Еуропа пойызы Шыңжаң Қорғас кеденінің бақылауымен Қорғас шекарасынан шығып, Польшаның Малашевич қаласына жол тартты. Сонымен Қорғас порты арқылы өтетін Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының жалпы саны 40 000-нан асты.
Осы уақытқа дейін порт арқылы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыз маршруттары 85-ке жетіп, олар шетелдің 18 мемлекетінің 46 қала мен аймағына бағыт алған. Осылайша порт халықаралық логистика мен құрлықтық тасымалдаудың «алтын арнасына» айналды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online