Boeing үшінші тоқсанда түзетілген шығынын жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қазан

Америкалық Boeing Co концернінің 2024 жылдың үшінші тоқсанында түзетілген шығыны cарапшылар болжамынан да нашар болды, бірақ компанияның кірісі күткеннен асып түсті, деп хабарлайды Интерфакс.

Шілде-қыркүйек айларында компанияның таза шығыны 6,174 млрд долларды, немесе бір акцияға 9,97 долларды құрады (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 1,638 млрд доллар, немесе бір акцияға 2,7 доллар). Бір реттік факторларды есептемегенде шығын бір акция үшін 3,26 доллардан 10,44 долларға дейін өсті.

Кіріс 1%-ға – 18,104 млрд долларға қарсы 17,84 млрд долларға дейін қысқарды.

FactSet сауалнамасына қатысқан сарапшылар компания орташа есеппен 17,815 млрд доллар кірістен бір акцияға 10,4 доллар шығын келтіреді деп шамалаған.

Boeing басшылығы 14 қазанда үшінші тоқсандағы кіріс шамамен 17,8 млрд долларды және таза шығын – бір акция үшін 97 долларды құрайды деген болжам жасаған.

Boeing-тің ақшаның еркін ағыны өткен тоқсанда 2 млрд долларды құрады.

Қыркүйек айының соңында компанияның тапсырыстар кітабы 511 млрд долларға бағаланған (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 496 млрд доллар).

2024 жылдың басынан бері Boeing капиталдандыруы 39%-ға (98,5 млрд долларға дейін) төмендеді, бұл ретте Dow Jones Industrial Average индексі шамамен 14%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото