- Барлық ақпарат
Қазақстан Қытайдың жаһандық қауіпсіздік саласындағы бастамасын қолдайды – Тоқаев
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қазан
Қазақстан Қытайдың жаһандық қауіпсіздік саласындағы бастамасын қолдайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+»/«аутрич» форматындағы жиынында айтты деп жазды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, 22-24 қазан күндері Қазанда БРИКС-ке мүше елдердің саммиті өтті.
23 қазанда «Қазан ЭКСПО» алаңында БРИКС саммитінің кеңейтілген құрамдағы отырысы, саммитке қатысушылардың шағын құрамдағы кездесуі өтті. Кездесуде Ресей Президенті Владимир Путин БРИКС-тың серіктес елдерінің тізімін құруды және оны қорытынды декларацияға енгізуді ұсынды. Сонымен қатар ол 30-дан астам мемлекеттің БРИКС құрамына кіруге қызығушылық танытқанын атап өтті.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online