Солтүстік-Шығыс Азия таланттар порты (Шэньян) ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қазан

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 24 қазанда Шэньянда 2024 жылғы Солтүстік-Шығыс Азиядағы (Шэньян) таланттармен алмасу конференциясы және Қытайдағы әлеуетті зор кәсіпорындарды дамыту конференциясы ашылды. Сонымен бірге Солтүстік-Шығыс Азиядағы (Шэньян) таланттар порты бір уақытта іске қосылды.

Солтүстік-Шығыс Азиядағы (Шэньян) таланттар портын Қытай Коммунистік Партиясының Шэньян қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі, Шэньян қалалық кадрлар және әлеуметтік қамсыздандыру бюросы және онлайн «Халық Газеті» бірлесіп ұйымдастырды. Таланттар порты Солтүстік-Шығыс Азияға бағытталған және Солтүстік-Шығыс Азияны байланыстыратын таланттар саласындағы ынтымақтастық платформасын құру үшін үкіметтің жетекшілігін, кәсіпорындардың жұмыспен қамтуын, университеттердегі таланттарды, қаржылық капиталмен қолдауды және БАҚ-тың үгіт-насихатын біріктіреді.

Шэньян, Далянь, Чанчунь, Харбин және басқа қалалардан 300-ден астам мекеме-орын Солтүстік-Шығыс Азия (Шэньян) таланттар портына тіркелген мекемелердің алғашқы партиясы болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото