- Барлық ақпарат
7-інші Қытай халықаралық импорт көрмесіне 152 ел, аймақ және халықаралық ұйымдар қатысады
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қазан
25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 7-інші Қытай халықаралық импорт көрмесі Шанхайда 5-10 қараша аралығында өтеді. 23 қазанда Мемлекеттік кеңестің ақпарат басқармасы баспасөз мәслихатын өткізіп, экспо дайындығын таныстырды.
Қытай Сауда министрінің көмекшісі Тан Вэньхун қазіргі дайындық жұмыстары негізінен аяқталғанын жеткізді. Көрменің жалпы ауданы 420 000 шаршы метрден асады. Ұлттық көрмелер мен корпоративтік көрмелерге 152 ел, аймақ және халықаралық ұйымдар қатысады. Сонымен бір уақытта 7-інші Хунцяо халықаралық экономикалық форумы негізгі форум мен 19 кіші форумды өткізеді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online