Камбоджа мен Сауд Арабиясы қысқы Азия ойындарына алғаш рет қатысады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 қазан

Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі (үкімет) баспасөз қызыметі IX Қысқы Азия ойындарының дайындық барысымен таныстырды.

Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті бас хатшысының орынбасары, Харбин қалалық халық үкіметі мэрінің орынбасары Чжан Хайхуаның айтуынша, Азияның тропикалық аймағында орналасқан елдері қысқы спортқа қызығушылығы артып келе жатыр.

Оның айтуынша, Непал, Бутан, Үндістан, Сингапур, Малайзия, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және Батыс Азиядағы басқа елдер спортшылары Тау шаңғы жарысына қатысуға өтініш берген.

Сондай-ақ, Камбоджа мен Сауд Арабиясы қысқы Азия ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр.

Айта кетерлігі, Қысқы Азия ойындары өтетін жарыс алаңдары мен ареналар, Ябули тау шаңғысы курортындағы теміржол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары аяқталды.

2025 жылы Харбин қаласында өтетін дүбірлі дода тарихта ең көп ел қатысқан қысқы Азияданың бірі болмақ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото