Тайкешкен порты: алғашқы үш тоқсанда импорт-экспорттық жүктердің көлемі қарқын алды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 қазан

30 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Алтай кеденінен алған ақпаратына сәйкес, алғашқы үш тоқсанда Тайкешкен порты 2,78 миллион тонна тауар импорттап, экспорттаған. Бұл көрсеткш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,8%-ға өскен. Порттағы тауарлардың импорт-экспорты қарқынды өсу тенденциясын сақтауды жалғастыруда.

Тайкешкен порты Моңғолияның Қобда өлкесіне іргелес Шіңгіл ауданында орналасқан. Бұл бірінші дәрежелі ұлттық құрлық порты. Сондай-ақ Шыңжаңның Моңғолияға ашқан ең үлкен алаңы. Алғашқы үш тоқсанда Тайкешкен порты 2,698 миллион тонна тауар импорттады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға өсті; Сол сияқты 82000 тонна тауар экспортталып, жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,7%-ға жоғарылады. Бұл портта импортталатын тауарлар негізінен кокстелетін көмір, темір рудасы және т.б., ал экспортталатын тауарлар пайдаланылған автомобильдер, ауылшаруашылық және қосалқы өнімдер т.б.

Осы жылдан бастап Алтай кедені кәсіпорындардың қажеттілігін басшылыққа алып, қарамағындағы сыртқы сауда кәсіпорындары бойынша терең зерттеулер жүргізе бастады. Осылайша «автомобиль жолдары порты + аумақтық тікелей жеткізу» моделі, инспекция және қабылдау сияқты кедендік рәсімдеудің ыңғайлы саясатын алға тартып, тиімді шараны жалғастырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото