- Барлық ақпарат
Алғашқы үш тоқсанда Юньнань кофесінің экспорты сәйкес мезгілмен салыстырғанда 371% өсті
31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Юньнань өлкесі Куньмин кеденінің статистикасына сәйкес, Юньнань кофесінің экспорты 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында 30 000 тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 371%-ға артып, елде бірінші орынды иеленді. Кофе өнімі дүние жүзі бойынша 40-тан астам ел мен аймаққа сатылды.
Юньнаньның Пуэр қаласында өндірілген кофе өзінің тамаша сапасымен ел іші сыртындағы нарықта танымал. Осы жылдың алғашқы үш тоқсанында Пуэр қаласы 18000 тонна кофе экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 360% жоғары.
2018 жылы салынып, пайдалануға берілген Simao кеден кешенді техникалық қызмет көрсету орталығының кофені сынауға арналған Ұлттық негізгі зертханасы елдегі кофе саласындағы жалғыз зертхана болып табылады. Зертхана кофенің дәміне, ондағы қоректік заттарға, физикалық-химиялық көрсеткіштерге, ластаушы заттар мен пестицид қалдықтарына және т.б. тексеру мен сынақтар жүргізеді. Зертхана техникалық қызмет көрсету және ғылыми-технологиялық инновация жетістіктерімен кофе өнеркәсібінің сапалы дамуына ықпал етіп келеді.
people.cn © People's Daily Online