Алғашқы үш тоқсанда ұлттық еркін сауда пилоттық аймағының импорты мен экспорты 11,99% өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қазан

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Бас кеден басқармасының 30 қазан күні жариялаған мәліметтеріне сәйкес, ұлттық пилоттық еркін сауда аймағының импорты мен экспортының жалпы құны осы жылдың алғашқы үш тоқсанында 6,09 трлн юаньға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,99% өсті. Көрсеткіш Қытайдың сыртқы саудасының жалпы өсу қарқынынан шамамен 6,7 пайыз тармаққа жоғары. Олардың ішінде экспорт 2,74 трлн юаньды, ал импорт 3,35 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,10% және 8,83% артқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото