BYD-дің электромобиль шығаратын компания ретінде тоқсандық кірісі алғаш рет Tesla-дан асып түсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қазан

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қазан күні BYD үшінші тоқсандағы есебін жариялады, онда компанияның кірісі 201,1 миллиард юань (шамамен 28,2 миллиард АҚШ доллары) болып, бір жылмен салыстырғанда 24% өсті. Сөйтіп, BYD электромобиль шығаратын компания ретінде тоқсандық кірісі алғаш рет Tesla-дан асып түсті. Ал 24 қазанда Tesla компанияның 2024 қаржы жылы үшінші тоқсанындағы кірісі туралы есебін жариялаған болатын. Есепте Tesla-ның үшінші тоқсандағы жалпы кірісі 25,182 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 23,350 миллиард АҚШ долларымен салыстырғанда 8% өскені көрсетілген.

Алғашқы үш тоқсанда BYD-дің сатылым кірісі 502,2 миллиард юаньға жетіп, былтырмен салыстырғанда 18,94% өсті.

Ресми деректер биылдың алғашқы тоғыз айында BYD барлығы 2,7479 миллион жаңа энергетикалық көлік сатқанын, бұл сәйкес мезгілмен салыстырғанда 32,13% өскенін көрсетеді. Осы жылдың үшінші тоқсанында BYD барлығы 1,1349 миллионға жуық жаңа көлік сатты, бұл нарық күткен 1,1 миллион көліктен де асып түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото