Алғашқы үш тоқсанда елде жаңадан орнатылған жаңартылатын энергия көздерін өндіру қуаты бір жылмен салыстырғанда 21% өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 қараша

1 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ұлттық энергетика басқармасы 31 қазан күні жариялаған деректерге сәйкес, алғашқы 9 айда елде жаңартылатын энергияны өндірудің жаңа орнатылған қуаты 210 миллион киловатқа жеткенін көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21% өсті, ол электр энергиясының жаңа белгіленген қуатының 86%-ын құрады.

Олардың ішінде су энергиясына 7,97 миллион киловатт, жел энергиясына 39,12 миллион киловатт, күн энергиясына 161 миллион киловатт, биомасса энергиясына 1,37 миллион киловат қосылды.

Сонымен қатар алғашқы 9 айда елде жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру 2,51 трлн киловатт-сағатқа жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,9% өсіп, барлық электр энергиясын өндірудің шамамен 35,5%-ын құрады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото