- Барлық ақпарат
Алғашқы үш тоқсанда Цзянсудың Орталық Азияның бес еліне импорты мен экспорты бір жылмен салыстырғанда 41,3% өсті
4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Нанкин кеденінің статистикасына сәйкес, осы жылдың алғашқы үш тоқсанында Цзянсу Орталық Азияның бес еліне 23,52 миллиард юаньдық тауарды импорттап, экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,3% өсті.
Тоқыма бұйымдары саудасы - Цзянсудың Орталық Азияның бес елімен ынтымақтастығының маңызды бөлігі. Цзянсудың Наньтуны - Қытайдағы үй тоқыма бұйымдарының ең ірі өндірістік және сауда базасы. Жақында Наньтунның Тунчжоу аумағындағы Цзянзао индустриалды паркіндегі тоқыма компаниясының менеджері Чэнь Ляньюй: «Биыл біздің компанияның Орталық Азияның бес еліне экспорты 15,415 миллион юаньға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 есеге жуық өсті», - дейді.
Қытай-Еуропа (Азия) пойызы Цзянсу мен Орталық Азияның бес елі арасындағы экономикалық және сауда интеграциясын тереңдету үшін маңызды көпірге айналды. Жақында Нанкин кеденіне қарайтын Сучжоу кедендік қадағалау қызметі Сучжоу Samsung Electronics(SSEC)компаниясының тоңазытқыштарымен, кір жуғыш машиналарымен және басқада заттарына толған 3 Орталық Азия пойызы Цзянсу (Сучжоу) Халықаралық теміржол логистикалық орталығынан шығып, Қазақстанға жіберілді.
Suzhou International Train Freight Forwarding компаниясының жауапты тұлғасы Хуан Вэйчанның айтуынша, «осы жылдың алғашқы үш тоқсанында жүк құны 23,18 миллион АҚШ долларын құрайтын Сучжоу Samsung Electronics(SSEC)арнайы пойыздарының жалпы 2 240 стандартты контейнерлері жөнелтілді және жөнелту көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 есе өсті.»
Сучжоу кедені теміржолды кедендік рәсімдеудің жедел моделін белсенді түрде қолданып, ілгерлетті. Олар теміржол компанияларымен, ұлттық теміржол топтарымен, порт және авиациялық логистика сынды тараптармен болған көмек пен ынтымақтастықты нығайтып, кеден және теміржол департаменттері мен қадағалау станциялары арасындағы деректердің өзара алмасу арнасын ашып, импорттық және экспорттық тауарларды кедендік рәсімдеудің тиімділігін одан әрі арттырып, кәсіпорындар үшін уақыт пен шығындарды үнемдеді.
people.cn © People's Daily Online