Қытай-Қазақстан темір жолы жүк тасымалының жаңа желісі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 қараша

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 6 қарашада 45 жиынтық контейнерлік автокөлік бөлшектері тиелген «Қытай-Еуропа» (Орталық Азия) пойызы Шыңжаңдағы Тарбағатай Шиху темір жолының жүк алаңынан Қазақстанның Алматы қаласына жолға шықты. Бұл Қытайдың Шыңжаң Тарбағатай аймағы Шиху қаласынан Қазақстанның Алматы қаласына бет алған пойыз бағытының ашылғанын білдіреді.

Шиху станциясы Шыңжаңның орталығы Үрімжіден 260 шақырымдай жерде орналасқан. Биыл қыркүйек айында Шиху станциясы ресми түрде Шыңжаңдағы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойызы бағытының жоспарлы жүк стансасына қосылып, өзінің жүк тарату әлеуетін толық қамтамасыз етті.

Осы айда Шиху станциясынан төрт пойыз жөнелтіліп, Алашанькоу және Қорғас теміржол порттары арқылы өтіп, Еуропа мен Орталық Азия нарығына экспортталған тауарларды тасымалдады. Бұл пойыздар Шиху мен оған жақын аудандарда арнайы ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік өнімдер үшін тиімді және ыңғайлы халықаралық логистикалық арнаны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Еуропа, Орталық Азия және басқа да елдердің жоғары сапалы өнімдері Шыңжаңға, тіпті бүкіл мемлекеттік нарыққа шығуына ыңғайлы болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото