Еліміз қар-мұз экономикасының даму жол картасын ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 қараша

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік кеңестің бас кеңсесі 6 қараша күні қар-мұз спортын дамыту туралы құжат жариялады. Құжатта 2030 жылға қарай қар-мұзды тұтыну ішкі сұранысты кеңейту үшін маңызды өсу нүктесіне айналады және қар-мұз экономикасының жалпы ауқымы 1,5 триллион юаньға жетеді деп атап көрсетті.

Ұлттық даму және реформа комитетінің әлеуметтік даму бөлімінің басшысы Пэн Фувей келесі қадамда орталық қорлар білікті қар-мұз спорты әлеуметтік қызмет көрсету нысандарының жобаларын қолдауды жалғастыру үшін күш-жігерді арттырады, қар-мұз бен туристік, демалыс, іскерлік және басқа да форматтармен тоғысуын күшейтіп, қар-мұз алаңында жұмыс істейтін нысандардың қызмет көрсету сапасын жақсартады деп айтты.

Сонымен бірге Ұлттық даму және реформа комитеті Цзилиньдегі Чанбай тауы, Хэйлунцзяндағы Ябули және Шыңжаңдағы Алтай сияқты қар-мұз спортының көрнекті ресурстары бар және халықаралық беделі жоғары аймақтарға назар аудара отырып, саясат, қорлар және басқа факторлармен қамтамасыз етіп, қар-мұз спортының жоғары сапалы ортасын салуға қолдау жасайды.

2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы мен қысқы Паралимпиада ойындары қар-мұз туризмінің, жарыстардың, спорттық жаттығулардың, қар-мұз жабдықтарын жасаудың және басқа да салалардың қарқынды дамуына ықпал етіп, қар-мұз экономикасының әлеуетті даму бағытын толық көрсетіп берді. Қар-мұз жабдықтары мен аспаптары - қар-мұз спортының негізі және қар-мұз экономикасының маңызды бөлігі. Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі қар-мұз жабдықтары мен аспаптарының қар-мұз тұтынуына жеткізілу рөлін арттырып, қар-мұз жабдықтары кәсіпорындарының кәсіптендірілген және жаңа дамуын жалғастырады, кәсіпорындарды ғылыми-зерттеу институттарымен күш біріктіруге негізгі технологиялық зерттеулер мен инновациялық өнімдерді зерттеу мен әзірлеуді күшейтуін ынталандырады, сол арқылы қар-мұз жабдықтарын жеткізу мүмкіндіктерін арттырады.

Мәдениет және туризм министрлігі ресурстарды дамыту басқармасының басшысы Сон Цихуэй соңғы жылдары қар-мұз туризмі еліміздің қысқы тұтынуын ілгерілету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін маңызды рөл атқарды деп мәлімдеді. 2023-2024 жылдардағы қар маусымында Қытай туризм академиясының мәліметтері бойынша, еліміздегі қар-мұз туристерінің саны өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 38%, ал кірісі ұқсас мезгілмен салыстырғанда 50% өсті. Интернеттегі туристік компаниялардың мәліметтері 2019-2020 жылдардағы қар маусымымен салыстырғанда қар-мұз туризмінің жалпы тұтынуы 132,5% өскенін көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото