Алғашқы 10 айда Қытайдың тауар саудасының импорты мен экспортының жалпы құны сәйкес мезгілмен салыстырғанда 5,2% өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 қараша

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Кедендік статистикаға сәйкес, биылдың 10 айында Қытайдың тауар саудасының импорты мен экспортының жалпы құны 36,02 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2% өсті. Олардың ішінде экспорт 20,8 трлн юаньды құрап, 6,7% өсті; импорт 15,22 трлн юаньды құрап, 3,2% өсті.

Деректер осы жылдың алғашқы 10 айында Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салып жатқан елдерге импорты мен экспорты 16,94 трлн юаньды құрап, 6,2% өскенін көрсетеді. Олардың ішінде АСЕАН-ға импорт пен экспорт 5,67 трлн юаньды құрап, 8,8% өсті, бұл сол кезеңдегі Қытайдың импорты мен экспортының жалпы құнының 15,7%-ын құрайды. Ал АСЕАН Қытайдың ең ірі сауда серіктесі орнын сақтауды жалғастырды.

Сол кезеңде Еуропалық Одаққа, Америка Құрама Штаттарына және Кореяға импорт пен экспорт сәйкесінше 4,64 трлн юань, 4,01 трлн юань және 1,91 трлн юаньды құрап, 1,2%, 4,4%, 6,7% өсті.

Сонымен қатар RCEP-ке мүше басқа мемлекеттерге импорт пен экспорт 10,74 трлн юаньды құрап, 4,3% жоғарылады; БРИКС-тің басқа елдеріне импорт пен экспорт 5,12 трлн юаньды құрап, 4,5% өсті; Латын Америкасына импорт пен экспорт 3,09 трлн юаньды құрап, 9,1% артты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото