Қазақстанға Шаньдундағы «Қытай-ШЫҰ» сауда-экономикалық аймағында 600 шаршы метр алаң бөлінеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қараша

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанға Шаньдун провинциясының Циндао қаласында орналасқан «Қытай-ШЫҰ» өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығының пилоттық аймағында өтеусіз негізде 250-ден 600 шаршы метрге дейінгі алаң берілетін болды. Аталған келісім Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытайға жұмыс сапарының нәтижелерінің бірі болды. Сондай-ақ, министр Шаққалиев бастаған делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Шаньдун арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайту болды.

Шаньдун өңірін 100 млннан астам халық мекендейді. Шаньдун Қытайдағы экономикасы әлдеқайда дамыған аймаққа жатады. Экономиканың негізін автомобиль, электроника, нефтехимия, металлургия және ауылшаруашылығы салалары құрайды. Маңызды ауылшаруашылық өнімдеріне бидай, жүгері және көкөніс кіреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото