Си Цзиньпин АТЭС көшбасшыларының 31-інші бейресми отырысына қатысу және Перуге мемлекеттік сапармен бару үшін Бейжіңнен Лимаға аттанды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 қараша

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 13 қараша күні таңертең Перу Республикасының президенті Дина Болуартенің шақыруымен АТЭС көшбасшыларының 31-інші бейресми жиналысына қатысу және Перуге мемлекеттік сапармен бару үшін Бейжіңнен арнайы ұшақпен аттанды.

Сапар барысында Си Цзиньпинмен бірге ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі және ҚКП ОК Бас кеңсесінің директоры Цай Ци, ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И және т.б. лауазымды тұлғалар бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото